1 сынып оқушыларымен Керн-Йерасек әдісі тест » Аққент бастуыш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аққент бастуыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1 сынып оқушыларымен Керн-Йерасек әдісі тест
21
сентябрь
2022

1 сынып оқушыларымен Керн-Йерасек әдісі тест

1 - СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ БОЙЫНША
Анықтама
Күні: 09 – 20.09.2022ж.
Әдістеме: «Керн-Йерасик»
Барлығы: 10
Мақсаты: мектеп жасындағы оқушылардың мектепке дайындығын анықтау, мектепке дайындығы төмен оқушылардың оқуға құштарлығын ояту және олармен қосымша жұмыстар жасауды ұйымдастыру. Сынып жетекшілері мен ата-аналарына кеңестер беру.
Мектептегі психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі-баланың психологиялық саулығын, яғни жан дүниелік, физиологиялық дамуына ықпал ету және ортада қолайлы микроклимат қалыптастыру.
1-сынып оқушыларын психологиялық сүйемелдеу - бұл ортадағы өзара қарым-қатынас жағдайларында баланың психологиялық дамуы мен оқуда жетістікке жетуі үшін әлеуметтік – психологиялық кәсіби әрекеттің жүйесі.
Бірініші сынып бала өмірінде өте жауапты және өте қиын кезең. Баланың мектепке баруы эмоциялық-стрестік сәт туындатады: үйреншікті мінез-құлқының тәртібі өзгереді, психоэмоционалдық жүктеме көбейеді. Бейімделудің шарттары:

Физиологиялық:
Күн тәртібінің өзгеруі;
Ойынның қажеттілігі;
Дұрыс отырғызу;
Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру;
Қимыл белсенділігін дамыту;
Өздігінен жұмыс істеушілік және жауапкершілік қабілетін дамыту.

Психологиялық:
Отбасындағы психологиялық ахуал;
Баланың өзін-өзі бағалауы ;
Ата-аналар үшін баланың өзін-өзі бағалауы;
Мектепке деген қызығушылығын қалыптастыру;
Сыныптастарымен достық қарым-қатынас;
Физикалық тұрғыдан күш қолданбау;
Баланың темпераментін ескеру;
Оқу- әрекетін бақылауды ұйымдастыру;
Нәтижелері мен жетістіктерін мадақтау;
Моральдық дем беру;
Өзін-өзі бақылауы мен бағалауын дамыту.

Өткізілу барысы

Тест төрт графикалық тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма – ер адамның сыртқы пішінін салу, екінші - әріптердің жазба түрін көшіріп жазу, үшінші – нүктелер тобын көшіріп жазу, төртінші тапсырма – геометриялық пішіндерді ажырату, төртінші тапсырма – графикалық диктант.
Әр тапсырманың нәтижесі 5 ұпайлық жүйемен бағаланады:
15-10 ұпай – жоғары
9 - 6 ұпай – орташа
5-0 ұпай – төмен
Қорытынды:
1 «А» сыныбы бойынша:
Барлық қатысқан оқушылар саны – 3. Мектепке дайындығы жоғары деңгейде – 1 оқушы, 2 оқушы - орташа деңгейде; төмен деңгейде оқушы жоқ.
Мектепке дайындығы жоғары деңгейдегі оқушылар:
1. Иса Нурали
Мектепке дайындығы орташа деңгейдегі оқушылар:
2. Мухаметали Алтынбек
3. Әйнадияұлы Ислам
Мектепке дайындығы орташадан төмен оқушылар:
0





1 «Б» сыныбы бойынша:
Барлық қатысқан оқушылар саны – 7. Мектепке дайындығы жоғары деңгейде – 3 оқушы, 4 оқушы - орташа деңгейде.
Мектепке дайындығы жоғары деңгейдегі оқушылар:
1. Аблитипова Сабина
2. Асымжанова Айиша
3. Садыкова Рихангуль

Мектепке дайындығы орташа деңгейдегі оқушылар:
1. Аубакиров Амир
2. Керимжанов Ярмухамед
3. Хамитова Рияна
4. Мухаметова Ильвина




Ұсыныс: Әдістеме нәтижелері сынып жетекшілерге таныстырылып, мектепке дайындығы «төмен» оқушыларға қатысты ұсыныстар берілді. Жалпы оқушылардың мектепке дайындығы жақсы. Дайындығы орташа оқушылардың ата-аналарымен әңгіме жүргізуге, оқушымен жеке және деңгейлік тапсырмалар жүйесін күшейтуге алдын алу жұмыстарын жандандыруға кеңестер берілді.



Педагог-психолог: Абжанова А. М