Азаматтық-патриоттық тәрбие іс шаралары » Аққент бастуыш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аққент бастуыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сентябрь
2022

Азаматтық-патриоттық тәрбие іс шаралары

                                            Ата-аналар жиналысының хаттамасы.

Хаттама   №1

15.09.2022 жыл                                                                             Ақкент ауылы                                                                                                                                  

Қатысқаны: 12

Қатыспағаны: 4

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Сыныптағы ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
  2. Баяндама: «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет»

                                                Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектептің 4 сынып жетекшісі Рахымжанова Меруерт сөз алды. Сыныптағы ата-аналарды бір-бірімен, сонымен қатар басқа сынып жетекшілерімен, психологпен таныстырды. 

       Екінші мәселе бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет» атты баяндама оқылды. Жарыс сөзге шыққан мектептің ата-аналар кеңесінің төреайымы Смагулова Майгүл мен Турдиева Саидам баяндама   мазмұнының дұрыс айтылғанын айтып,  ата -аналар баладағы еркелік пен бұзақылықты және дөрекілікті ажырата білетіндерін, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында отбасында үнемі түсіндіріп отыратындарын айтып өз пікірлерін білдірді.

Қаулы:

  1. Құқық бұзушылықтың алдын алу міндеттерін назарда ұстау 

                                    Төрайымы :          Рахымжанова Меруерт        

                                      Хатшы:                  Абжанова Айдана         

«Ақкент бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

               Оқушыларды жолда жүру ережесімен  таныстыру

Хаттама № 2

20.10.2022 жыл                                                                 Ақкент ауылы

Қатысқаны: 1-4 сынып оқушылары

Қатыспағаны: 0

Күн тәртібінде:

  1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен  таныстыру  З.Салайдинова

                                     Тыңдалды:

Алғашқы сөз кезегі мектептің мұғалімі Зухра Салайдинова өз сөзінде  тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады.Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің  шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады.Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөліке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады. Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өтү кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеүі және жақындап қалған көлік құралының үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс.Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу ж.ргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсізекендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс.Маршруттық көлік құралы мен таксиді көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу аоаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пунктерінде көлік құралына отыру үшін көлік кідірместен босату керек өз ойын  аяқтап, ойын қорытты.

Қаулы:

  1. Оқушылардың  жолда жүру ережесін сақтау назарға алынсын  

                              Мектеп меңгерушісі                   А.Ж.Джунусбеков

                                                    Хатшы        М.Т. Рахымжанова

 «Ақкент бастауыш мектебі» КММ

Ата-аналар кеңесінің отырысы

Ақкент ауылы

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенциясын талқылау

ХАТТАМА №3

Қатысқандар:

  1. Мектеп меңгерушісі – А.Ж. Джунусбеков 
  2. Педагог-психолог –А.М. Абжанова
  3. Сынып жетекшілері М.Т. Рахымжанова

Күн тәртібінде:

  1. ҚР «Бала құқығы» туралы Заңы және БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенциясын талқылау 
  2. Түрлі мәселелер

Тыңдалды.

  1. Бірінші мәселе бойынша мектеп меңгерушісі А.Ж. Джунусбеков сөз сөйледі. Өз сөзінде «Бала құқықтары» тұралы заңдарды оқушыларға таныстырды. Баланың құқықтары отбасында, әлеуметтік ортада, қоғамдық орындарда және т.б. жерлерде қай дәрежеде сақталуы жайлы түсіндірілді. 
  2. Мектеп педагог психологы А.М.Абжанова сөз сөйледі. Өз сөзінде «Бала құқығын қорғау конвенциясының» бағыттары және халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым бар екенін айтып өтті. Сонымен БҰҰ-ның бас ассамблеясы осы ұйым 1990 жылы бала құқығын қорғау туралы келісім және келісімнің негізгі мақсаты бала мүддесін қорғау болып табылатынын баян етті. Жер бетіндегі барлық бала нәсіліне, тіліне жынысына, ұлтына, дініне, хал-ахуалына, әлеуметтік жағдайына, денсаулығына қарамастан өз азаматтығын тең дәрежеде барлық елдің балалары қолдана алады деп қорытындылады.

Қаулы етті:

  1. Конвенцияны талқылау бойынша дөңгелек үстелдер өтілсін;

                              Мектеп меңгерушісі           А.Ж.Джунусбеков

                   Хатшы         М.Т. Рахымжанова

                                                            БЕКІТЕМІН:

Мектеп меңгерушісі                 А.Ж.Джунусбеков 

«Ақкент бастауыш мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыс жоспары

2022-2023 оқу жылы

Іс-шаралар атауы

мерзімі

жауапты адам

1

Оқушыларды мектепішілік ережемен таныстыру

жыл бойы

Сынып жетекшілер

2

«Құқық бұзушылықтың алдын алу басты міндет»   ата-аналармен шағын дәріс

қыркүйек

М.Т.Рахымжанова 

3

Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету шаралары

қазан

З.Х.Салайдинова

4

Құқық бұзушылыққа жол жоқ! Сынып сағаттары

қараша 

Сынып жетекшілер

5

«Тұрмыстық зорлық –зомбылық дегеніміз не?» сауалнама 

желтоқсан

А.Абжанова 

6

ҚР «Баланың құқығы туралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқықтары туралы» халықаралық конвенциясын ата-аналармен  талқылау

қаңтар

А.Ж.Джунусбеков

7

«Менің құқығым» тәрбие сағаттар өткізу

Оқу жылында

Сынып жетекшілер

8

«Суицид –қоғам дерті»жаднама тарату 

наурыз 

А.Абжанова

9

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Сынып сағаттары

сәуір 

Сынып жетекшілер

10

«Сен және сенің жанұяң» тәрбие сағаттар өткізу

мамыр

Сынып жетекшілер

11

«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» сурет салу

Оқу жылында

Сынып жетекшілер

«Ақкент бастауыш мектебі» КММ

                                        Ата-аналар кеңесінің отырысы

Хаттама №4

21.12.2022 жыл                                                               Ақкент ауылы

Күн тәртібінде:

1.«Тұрмыстық зорлық –зомбылық дегеніміз не?» сауалнама педагог-психолог А.Абжанова 

2.Қысқы демалыстағы балалар қауіпсіздігін қадағалау

Тыңдалды:

1 Мектеп психолгі А.Абжанова өз сөзін  біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (әрекетсіздігі). Көбінесе әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық көбінесе білім деңгейінің және әлеуметтік-экономикалық жағдайын төмен болуы себепті туындауы мүмкін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы ресми берекелі отбасы болып есептелетін отбасында да тукындауы мүмкін.Тұрмыстық зорлық-зомбылық біз ойлағаннан гөрі жиі кездеседі, бұған зардап шеккен адамдардың көпшілігі өз құқықтары туралы білмегендіктен бе, әлде өздеріне лайықпын деп есептеуге батылы бармайтындығынан деп өз сөзін аяқтады .Ата –аналардан  сауалнаманы толтырып берулерін сұрады.

2.Ата аналар толық сауалнаманы тапсырып, 2-мәселені қарауға көшті. Абжанова өз сөзін  Қыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн.Көмір қышқыл газынан уланудан сақ бол:

    Ғимарат немесе тұрғын үй ішіне газ тарағанда қабырғалар мен айналадағы заттарға қонбайды, суға сіңбейді. Адамдардың улы газбен улану жағдайы көбінесе түнгі уақытта орын алып отырады. Түтіндеген кезде ұйықтап жатқан адам үшін, улы газдың мөлшерін алу үшін бірнеше минут жеткілікті, пештің немесе газ қондырғысы орнынан алыс тұрса да, оның салдары адамға зиян келтіріп тұрады. Көбіне улы газдың зардабы балалар және қарт адамдарға тиеді. Аяқ астынан шыққан улы газдың зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.   

   Қыста жолға шыққанда есте сақтауды қажет ететiн қарапайым ережелер бар:

    - метеорологиялық мәлiметтердi тыңдап немесе қоршаған табиғатты бақылап, ауа райының өзгерiсiн байқауға тырысыңыз;

    - аязды күні ең алдымен адамдардың аяқтары, қолдары және бетi жиiрек және тезiрек тоңады, сондықтан жылы киімдер киініңіз, аяқ киiм кез келген жағдайда кең болуға тиiс;

    - автокөлікпен алыс сапарларға шыққан жағдайда, көліктің ақаулығын жөндеңіз, өзіңізбен бірге қағаз түріндегі картаны алып жүріңіз, автожолдардың бойында орналасқан жылыту пункттерін (қонақ үй, дүкен, кафе және т.б.) және медициналық көмек көрсету бекеттерін нақтылап алыңыз;

    Мұзда жүру ережесі:

    - тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінетін кезде (тұман, қар басу, жаңбыр) ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайды;

    - өзеннен өтерде мұз өткелдерін пайдаланыңыздар;

    - аяқ соққысымен мұздың қаттылығын тексеруге болмайды. Егер бірінші қатты соққыдан кейін, шаңғы таяқшасымен қатты ұрғаннан кішкене су көрінсе – бұл мұздың жұқалығын білдіреді, онымен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда өз ізіңмен жылжып,  мұздан аяғыңды алмай және иықтың өлшемімен салмақ салмай жағаға қайтадан шығу қажет. Мұздың жарылуы кезінде де дәл осылай жасау керек.

    - амалсыз су айдындарынан өтер кезде, ең бастысы  тапталған соқпақтармен немесе салынған шаңғы жолымен жүру қажет. Егер де ондай жол болмаса, мұзға түспес бұрын, жүретін бағытыңды, ізіңізді нақтылап алыңыз;

    - топпен су айдынынан өтер кезде, бір-біріңіздің араларыңыздағы қашықтықты сақтау қажет.(5-6 м)

    - қатқан су айдындарында  жүкпен бірге соңында ілмегі бар, ұзындығы 20 – 25 м болатын берік бау алып жүру қажет.  

    Төтенше жағдайлар мен  оқиғалар орын алған кезде «101», «112» телефондарына хабарласыңыздар деп өз сөзін аяқтады.

Қаулы етті:

  1. Тұрмыстық зорлық –зомбылық жағдайаттарын алдын алу
  2. Қысқы демасыс кезіндегі оқушылар қауіпсіздігін назарға алу 

Мектеп педагог –психологі:            А.Абжанова 

«Ақкент бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Құқық бұзушылықтың алдын алу

2022-2023 оқу жылы

Зорлық – зомбылық туралы мен не ойлаймын - сауалнамасы

Қымбатты дос! Бұл сауалнама жасырын түрде, балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу үшін жүргізілуде. Сұрақтарға шынайы жауап беруіңізді сұраймыз.(Жауап белгілегенде бірнеше нұсқаны белгілеуге болады)

Өзің туралы мәлімет

Жасың нешеде? ...............

Отбасыңда неше адам бар?...............................

1. Зорлық деген сөзді қалай түсінесің?

- тек күш көрсету

- қол жұмсау

- мәжбүрлеу

- қорқыту

- адамның құқығына қысым жасау

- менсінбеушілік

- кемсіту

- қатігездік

- ауру келтіру

- өмір сүруге қауіп төндіру

- өз жауабың.............................................................................................................................

2. Сенің ойыңша, қай жерлерде, кімнен бала қорлық - зорлыққа тап болуы мүмкін?

- отбасында, жақын адамдардан

- көшеде, бейтаныс адамдардан

- мектептегі оқушылардан

- достарынан

- өз жауабың...............................................................................................................................

3. Қиын жағдайда не істейсің?

- Әке анамнан көмек сұраймын

- Өз проблемамды өзім шешуге тырысамын

- Ата - анамды мазалағым келмейді

- Сынып жетекшіге жолығамын

- Психологқа жолығамын

- Әлеуметтік педагогқа жолығамын

- Милицияға барамын

- Директорға барамын

- Шыдауға тырысамын

- Достарыммен шешемін

- Туған - туыстарыммен

- Өз жауабың....................................................................................................................................

4. Ата - анаңмен қарым - қатынасың қандай?

- ата - анам досым

- Жақсы қарым - қатынастамын

- түсінбеушілік пен даулар болып тұрады

- менсінбеушілікпен қарайтын сияқты

- қол көтереді

- әкем мен анам менен алыс

- өз жауабың......................................................................................................................................

5. Жазалау барысында көбіне қандай шара қолданады?

- ұрысады

- ұрады

- ақша бермейді

- достарыммен сөйлестірмейді

- телевизор, компьютер қарауға тиым салады

- еш уақытта жазаламайды

- түсіндіріп, көндіргісі келеді

- желкемнен түйеді, шапалақ береді

- дұрыс еместігін түсіндіргісі келеді

- өз жауабың..........................................................................................................................

6. Әке - анаңның жазалауымен келісесің бе?

- иә

- иә деп айтуға болады

- жоқ

- жоқ деп айтуға болады

- өз жауабың..............................................................................................................................

7. Бір нәрсеге ашуланып, сенен өш алған уақыттары болды ма?

- иә ондай жиі болып тұрады

- айта алмаймын

- кейде

- еш уақытта

- өз жауабың.............................................................................................................................

8. Өзің ата - ана болғанда өз балаларыңды жазалайсың ба?

- иә

- жоқ

9. Әке - анаң келесіге ниет білдіре ме?

Сені мақтауға ------------- Құшақтауға ------------ Сүюге

Үнемі ----------------------- Үнемі ------------------- Үнемі

Анда - санда -------------- Анда - санда ---------- Анда - санда

Еш уақытта ---------------- Еш уақытта ------------ Еш уақытта

Әлде.... --------------------- Әлде.... ----------------- Әлде....

Сені соғуға ----------- Үйден қууға ------------ Қараңғы бөлмеге қамауға

Үнемі ------------------ Үнемі -------------------- Үнемі

Анда - санда --------- Анда - санда ----------- Анда - санда

Еш уақытта ---------- Еш уақытта ------------- Еш уақытта

Әлде.... --------------- Әлде.... ----------------- Әлде....

10. Істеген үлкен қателіктерің үшін қандай жаза қолданады?

Анаң....................................... Әкең........................................................................

11. Өз жанұяңда паналы, сүйікті екеніңді сезінесің бе?

- иә

- жоқ

12. Егерде адам зорлыққа тап болса, қандай мекемелерден көмек сұрай алады деп ойлайсың?

.............................................................................................................................................

13. Біздің заманымызда баланы зорлықтан қорғау үшін қандай құжаттар бар?

............................................................................................................................................

Рахмет!!!

«Ақкент бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Оқушыларды жолда жүру ережесімен  таныстыру

Анықтама

21.10.2022 жыл                                                                 Ақкент ауылы

Қатысқаны: 1-4 сынып оқушылары

Қатыспағаны: 0

                                                    Тақырыбы

  1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен  таныстыру  