Хабарландырулар комитет » Аққент бастуыш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аққент бастуыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
октябрь
2022

Хабарландырулар комитет

«Ақкент бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесі    

жалпы ата-аналар жиналысы                                                            

Хаттамасы №1

18.10.2022 жыл                                                                       Ақкент ауылы

Қатысқаны:Ата-аналар саны-18


Күн тәртібінде:

1.«Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» Қадырбекова Рауза Тоқтамбердіқызы

Тыңдалды :

Жетісу облысы ,Панфилов ауданыдық білім бөлімінің әдіскері Қадырбекова Рауза Тоқтамбердіқызы  өз сөзін 18-21 қазан аралығында аудан мектептеріндегі жалпы ата –аналар жиналысын өткізу жоспарланып ,сол жоспармен бүгінгі күні Ақкент бастауыш мектебіне келгенін айтып,өзін таныстырудан бастады.Келесі мәселе ауданымызда орын алып жатқан оқиғалар туралы қысқаша тоқталып айтып өтті.Білім алушылар саны аз , сонымен қатар екі тілді мектеп екенін айтты .Тәрбиенің бастамасы ол отбасынан және де ата-анаға тікелей байланысты екенін ескертті.  Ата-аналарға   оқушылардың мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге ,мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға; Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар екенін жеке түсіндіріп  өтті. Әрбір адамның ар мен  намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.Оқуға арналған уақытты  толық пайдалануға,білім алушылар білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру . Балада бос уақыттың болмау керектігін баса айтты.Сонымен қатар қазіргі кездегі балалардың ермегіне айналған телефон туралы да ескертулерді жеке тоқталып айтты.Балаларыңыз қандай сайтқа кіреді,кіммен сөйлесетінін , кіммен араласатынын назарға алу керектігін де есертіп айттып өз сөзін аяқтады. 

Сөйледі :Ақкент бастауыш мектебінің мектеп меңгерушісі А.Ж.Джунусбеков сөз кезегін алып ,балаларға барлық жағдайды жасайтын ол ата-ана .Қазақта жақсы сөз бар «Ұяда нені көрсең,ұшқанда соны ілерсің деген » Рауза Тоқтамбердіқызы  өте дұрыс айтады барлық тәрбие отбасынан басталады.Балаларға дұрыс жол сілтеп ,дұрыс қарым –қатынас жасасық олар Сіздерден асып ешқайда бармайды.Естіп отырсыздар балада бос уақыт болмай керек деп өз ойын ата-аналармен бөлісіп ,кеңес беріп сөзін аяқтады.

 Сөйледі :Ақкент бастауыш мектебінің психологі А.М.Абжанова ата-аналарға жадынама таратылғанын ,оны оқып танысуларын , білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі екенін айта отырып,білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Балалар білім алу арқылы адамдарды, қоршаған ортаны, ғарышты, әлемді танитындарын, өз жетістіктеріңді көрсете алатын ұрпақ тәрбиелеу бізбен сіздердің міндеттеріңіз .Сондықтан  ата-аналар сол еліміздің келешегі жас буынға барынша көмек қолын созу керектігін айтып ойын бөлісіп сөз сөзін аяқтады.

Сөйледі :Келесі сөз кезегі ата-ана Боталбаева Әселге сөз кезегі тиді.Әсел өз сөзін осында жиналыс ұйымдастырып отырған жәнеде кеңесімен бөлісіп отырған барша жанға алғысын білдірді.Бүгін міне ой саларлық әңгімелердің болғанын және де тыңдай отырып ,өзіме жаңа ойлар келді.Балалар біздің барымыз сондықтан берген кеңестеріңізді назарға аламыз деп өз ойын аяқтады.

Сөйледі :Ата –ана  Имарова Паридам  өз кезегінде ия қазіргі кезде барлық ата-ана жұмыс деп балаларды назардан тыс қалдырып жатыр.Оның аяғында бала да ,ата-ана да зардап шегуде.Сіздердің сөздеріңіз орынды балалар назардан тыс қалғанан кейін өз ойына келгенін жасап,білгенін істейді.сондықтан осындай кеңес беріп,ата-аналарға ой салып тұрған дұрыс деп ойлайтынын айтты.

 Қаулы:

  1. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,берілген кеңестерді назарға алу ,күнделікті  іске асыру.