Ата аналарға психолог кеңесі » Аққент бастуыш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аққент бастуыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ноябрь
2023

Ата аналарға психолог кеңесі

«Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ақкент бастауыш мектебі»  коммуналдық  мемлекеттік   мекемесінде  2023-2024 оқу жылының  I- жарты жылдығында өткен жалпы ата-аналармен  өткен жиналыс  хаттамасы
Күні: 27.09.2023 ж                                                            Ақкент ауылы
Қатысқандар:                                
Күн  тәртібінде:
      1. Баяндама. «Бала психологиясы дамуындағы ата-ана рөлі»: Психолог
      2.  Мектепке жол акциясы, оқушылардың буфеттік тамақпен қамтылуы  
          туралы мәлімет: Әлеуметтік педагог
3. Оқушы тәртібі, жол ережесін сақтау, оқушының көлік жүргізуіне тиым салу
  Мектеп оқушыларының жоғарғы сынып оқушыларының кешкі сағат 9.00 ден кейін көшеге шығуына тиым салу туралы: Сынып жетекші
4Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қандайда бір келеңсіздіктерді болдырмау мәселесі: Мектеп меңгерушісі 
Тыңдалды: Психолог А. Абжанова «Бала психологиясы дамуындағы ата-ана рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру.  Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық
 сананы бойына сіңіру.
Тыңдалды: Әлеуметтік педагог Р. Илямова:Күн тәртібінің 2-ші мәселесі  бойынша мектепке жол акциясы, оқушыларды буфеттік тамақпен қамтылуы туралы хабарлама жасады. Айта кететін нәрсе биыл мектебімізде 1 – 4 сынып оқушыларынан 30 бала ыстық тегін тамақпен қамтылған. Мектепке жол акциясы бойынша ЖББ қорынан, мектеп мұғалімдерінің демеушілігімен 7 балаға форма   алып берілді. Кәсіподақ ұйымынан 1 оқушыға көмек көрсетілді. 
Сөйледі: Күн тәртібіндегі бірінші мәселелер бойынша  ата аналар комитетінің төрайымы М. Оспанбекова бала тәрбиесін мектепке итеріп қана қоймай ата –аналар өзіміз үйде балаларымызды   алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып от басылық қарым қатынасты реттегеніміз жөндеп сөзін аяқтады
Сөйледі: сынып жетекші М. Рахымжанова қазіргі таңда баланың тәртібін қадағалау ата -ананың бірінші міндеті. Отан отбасынан, отбасы ошақ қасынан басталатыны анық. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөздерден бабаларымыздың баяғы заманнан-ақ бала тәрбиесіне мән бергенін аңғаруға болады. Сондықтан отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала. Ата-ана баланы бесіктен тәрбиелеп, бағып-қағып, оқытып саналы азамат етіп тәрбилейді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған оқушыларға түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. 
Тыңдалды: мектеп меңгерушісі А. Джунусбеков алдымызда тұрған бас­ты міндеттердің бірі – аудан көлеміндегі кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қандайда бір келеңсіздіктерді болдырмау өзекті мәселенің бірі болып табылады. Соның ішінде мото мәселесі. Қазақстан Республикасының   597 бұйрығына сәйкес 18 жасқа толмай көлік жүргізуге болмайды. ҚР 593 б 1 тармағына сәйкес самакатқа да тиым салынады.Кешкі рейдтік іс  - шаралар жүргізілуде. Егер кәмелетке толмаған балалар ұсталған жағдайда, айыппұл салынатынын хабарлады. Және де тіркелмеген мотоцикл ұсталған жағдайда қайтарылмайтынын хабарлады. 
Шешімі:

 1. Оқушылардың сабаққа келуін, кешікпеуін ата-аналар тарапынан да қадағалансын
 2. Ата-ананың мектеппен тығыз байланысты болуын ұйымдастыру.
 3. Сабақтан тыс уақыттағы өмір қауіпсіздігі, үйінде болуы, сабақтан қалмауы кешкі уақыттарда сабақтан тыс кездерде бей-берекет көшеге шығармау ата-анасына тапсырылсын.
Мектеп меңгерушісі:         А. Ж. Джунусбеков
                          Хатшы: