Оқу әдістемелік жұмыс » Аққент бастуыш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аққент бастуыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ноябрь
2023

Оқу әдістемелік жұмыс

Әдістемелік кеңес отырысы

Хаттама №1

18.08.2023 жыл                                                                                       Ақкент ауылы

Қатысқандар : А.Джунусбеков 

                         Ү.Құрманбай 

                              М.Рахымжанова 

                              Х.Сасыкова

                              З.Салайдинова

                              М.Имрамзиева

                              Ш.Кауменова

                              З.Велимжанова


Күн тәртібінде:

  1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігі.


Тыңдалды : Ақкент бастауыш мектебінің меңгерушісі А.Ж.Джунусбеков күнтізбелік –тақырыптық жоспар мазмұнының «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің ,бастауыш ,негізгі  орта және жалпы білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы  » ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шілде № 199 бұйрығы сәйкес жасалу керектігін ескерте айтып және ондағы өзгерістерге назарға ала отырып күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жасау туралы айтты .

Сөйледі : Бірлестік жетекшісі М.Имрамзиева Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шілде № 199 бұйрығы сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар  жасамас бұрын бағдарламаны толықтай қарап танысу керектігін айтып өтті.Және бәріміз бірлесе отырып бәріміз жабыла жұмылған жұдырықтай болуға шақырды.

Сөйледі: Бастауыш мектеп мұғалімі М.Т.Рахымжанова күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауда"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32110 болып тіркелдіген кестеге сала отырып жасау туралы өз ойын бөлісті.

Сөйледі: Ақкент бастауыш мектебінің меңгерушісі А.Ж.Джунусбеков күнтізбелік –тақырыптық жоспар сыртқы бетін жасау үлгісін де айта отырып ,31 тамыз күнтізбелік-тақырыптық жоспар  тексерту керектігін айтып  өтті.


Қаулы етеді:

  1. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шілде № 199 бұйрығы назарға алу.
  2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 68 бұйрығын назарға алу


 Мектеп меңгерушісі:                             А.Ж.Джунусбеков

                       Хатшы :                             М.Т.Рахымжанова 




























Әдістемелік кеңес отырысы

Хаттама №2

 04.09 .2023 жыл                                                                                       Ақкент ауылы

Қатысқандар : А.Джунусбеков 

                         Ү.Құрманбай 

                              М.Рахымжанова 

                              Х.Сасыкова

                              З.Салайдинова

                              М.Имрамзиева

                              Ш.Кауменова

                              З.Велимжанова


Күн тәртібінде:

  1. Педагогтерді аттестаттаудың тиімділігі


Тыңдалды : Ақкент бастауыш мектебінің меңгерушісі А.Ж.Джунусбеков  педагогтарды аттестаттауды уақтылы және нәтижелі болу үшін құжаттарының дайындық деңгейін анықтау туралы айтып өтті. Мұғалімдердің біліктілігін бағалаудың жаңа ережелері 2023-2024 оқу жылынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты,  Ұлттық платформа негізіндегі аттестаттау процесі автоматтандырылды. Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталған. Педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Мұғалім тек модератор мен сарапшыға ауысқанда ғана өз пәні бойынша сынақтан өтеді. Алдағы уақытта педагог-зерттеуші және магистр біліктілік санатын беру тәртібі толығымен өзгертіледі. Кәсіби еңбек жолын алғаш рет бастайтын немесе еңбек өтілінде үзіліс алған педагогикалық мамандықтардың түлектері үшін санат олардың пайдасына қайта қаралады, – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев. Министрдің айтуынша, педагогтің кәсіби құзыреттілігін диагностикалау үшін кәсіби қызметін алғаш рет бастайтын немесе еңбек өтілі үзіліс болған педагогикалық мамандықтардың түлектері тестілеуден өтеді. Мұғалімдерді марапаттау тетіктері де өзгеріп жатыр. Енді мұғалімдер шәкірттерінің жетістіктеріне қарай бағаланып, оған соның нәтижесінде біліктілік санаты беріліп, марапатталатын болады. Бұл зейнет жасындағы мұғалімдерге де қатысты айтылған ойларымен бөлісті.

Сөйледі : Бірлестік жетекшісі М.Имрамзиева өз сөзінде  әрине жұмысқа жаңа кірген педагогтар тапсырғаны дұрыс . Биыл бізден тест тапсыруға барсам деген ойларын айтып ,әріптестеріне осы оқу жылына сәттілік тілеп сөзін аяқтады.

Сөйледі:  Бастауыш сынып мұғалімі З.Салайдинова әр жұмысымызды жетістікпен басталуын қалайтынын айтып ,әлі өзгерістер болар №514 бұйрықпен бекітілген республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар  конкурстар  жарамдылығын айттып өтті.


Қаулы етеді:

  1. Педагогтарды аттестаттауды уақтылы және нәтижелі болу үшін құжаттарының дайындық деңгейін анықтау,назарға алу



 Мектеп меңгерушісі:                             А.Ж.Джунусбеков

                       Хатшы :                             М.Т.Рахымжанова