Өзін-өзі бағалау » Аққент бастуыш мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Аққент бастуыш мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2022

Өзін-өзі бағалау

« Ақкент бастауыш мектебі» мемлекеттік  мекемесі 2022-2023 оқу жылы  «Шағын жинақты мектептерде мектепішілік басқару  мен бақылауының ұйымдастырылуы» зерделеу  қорытындысы туралы

АНЫҚТАМА

      2022-2023 оқу жылы  сәуір айында «Ақкент бастауыш мектебі» мемлекеттік   мекемесі «Шағын жинақты мектептерде мектепішілік басқару  мен бақылауының ұйымдастырылуы »  зерделеу   қорытындысы нәтижелері  анықталды .Тексеру қорытындысында мектеп бойынша жұмыстар,басшылық жұмыстары әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі,тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы  қаралып ,зерделенді. Жалпы мектептің оқу-тәрбие саласымен жасалған жұмыс жоспары мен іс-шаралар ,мектептің  тыныс –тіршілігі ,материалдық –техникалық,санитарлық тазалығы туралы жетістіктер мен кемшіліктер анықталды. Мектептің сынып бөлмелері - 4, компьютер бөлмесі – 1 , сынып бөлмелері жиһаздармен жабдықталған.  Мектепте 11-мұғалім жұмыс істейді.  Жоғарғы білімдісі-8,  арнаулы орта-3 . Бірінші санатты -1, екінші санатты -1,педагог- мадератор -5 .Жалпы -4 Мұғалімдер уақытылы өз білімін көтеру мақсатымен курстан өткізілген. Мектепішілік  толығымен бақылау жүргізілді .Мектепте оқушы саны -40 , мектеп алды дайындық топ-10 бала, қысқа мерзімді топта -10 бала, білім сапасы – 63 пайыз үлгермі  100 пайыз ,үздік-10 , екпінді—8 оқушы. Зерделеуде айтылған сын ескертпелер өз шешімін тауып,белгіленген мерзім аралығында, мектеп меңгерушісімен бірлесе отырып түзету керектігін айтты .Сынып журналдары,орта мерзімді жоспарлары,қысқа мерзімді жоспарлары  №472 бұйрығына сәйкес  талапқа сай жүргізіліп,жазылуда .Тәлімгер  мұғалімдердің тәлімгерлік жоспары, тәлім алушы  жұмыс жоспары жүйеленбеген. Әр мұғалімнің  сабаққа қатысуы нормаға сай болғанымен ,сабаққа қатысу мақсаты дұрыс қойылмағаны айқындалды .  Сабаққа қатынасу нормаларын бірлестік жиынында талқылау керектігі ұсынылды.Келешекте осы ашық сабақтар мен тәрбие сабақтар көлемінде айтылған   ескертпелер талқыланды . Үлгерімі төмен оқушылар жоқ.Сабаққа келмейтін, кешігіп келетін ,қиын балалар жоқ.Мұғалімдердің   жекеленген сабақтарына қатынасу барысында ұсыныстар мен ескертпелермен  мұғалімдер таныстарылды.  2-4 сыныптар аралығында      БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау білім алушылардың білім деңгейін көрсетіп ,тапсырма орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі ,  қиындықтар себебін талдау қорытындысы және олқылықтың орнын толтыру бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілген. Мектептің тәрбие жұмысы бойынша жылдық жоспар жасалып бекітілген .Тәрбие жұмысының салалары бойынша папкалар жинақталған. Өткен жыл қорытынды анықтамасы жазылған. Мектептің ата-аналармен жұмыс жоспары құрылып бекітілген ,ата-аналар жиналысы уақытылы өткізіліп, хаттамалар жинақталған. Жұмысты жүйелі жүргізіп, айтылған мерзім аралығында айтылған ұсыныстар мен ескертпелер өз шешімін табуда. Мектеп жанындағы педагогикалық кеңес бір жылда 5 рет өтеді. Әр тоқсан сайын өтіп тұрады. Олардың орындалу туралы құжаттары жинақталып, басшылыққа  алынып отырады. Құрылған әдістемелік жоспар бойынша отырыстар өткізіліп хаттамалары   жинақталған. Оқу жасындағы балаларды жалпыға бірдей білім берумен қамтуда басшылыққа  алынатын нормативтік құжаттар жинақталған. Жалпыға бірдей білім беру айлығы бойынша аз қамтылған отбасы балаларына, жетім, жартылай жетім отбасы балаларына мектеп қаражатынан бес балаға киім-кешек берілді.Сабаққа келмеген балалар жоқ. Оқушы бұйрығы -  оқушыны есепке алу ауыстыру, бірігіуі, демалысы, денсаулығы туралы бұйрықтар шығарылып отырады.  Мектеп оқушылары  құжаттары толық толтырылған, суреттері ауыстырылған. Әр оқушының құжаттары алфавиттік кітаптағы мәліметтер құжатқа сәйкес толтырылған.   Педагог-психолгтың оқу жылына арналған жұмыс жоспары бар.
































Похожие публикации:

01 сентябрь 2022 Оқу тәрбиелік жұмыс
31 август 2022 Пед кеңес